05-15.09 қыркүйек аралығында мектебімізде «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» атты тілдер он күндігі өткізілді.

Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Тілдер апталығы үш тілде қамтылды. » А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған кітап көрмесі, «Тіл-достықтың дәнекері» суреттер сайысы, «Халықтың рухани ұстазы» А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел, мақал-мәтелдер сайысы, мәнерлеп оқу т.б. тақырыптар іс-шарада қамтылып өткізілді.Біздің мақсатымыз оқушылардың қазақ тіліне деген жанашырлығын және орыс тілі мен ағылшын тіліне деген қызығушылығын күшейту, болашағымызды баянды етер басты қаруымыз — тіліміз екенін ұмытпауымыз керек!

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x