1 қыркүйек Білім күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұстаздар да тыңдадық.

Тыңдай отырып айтылған мәселелр мен берілген тапсырмалардан ой түйдік.
Мемлекет басшысы өзі айтқандай: «Саяси жаңғыру экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс». Жаңа экономикалық саясат, салықтық бақылауды цифрландыру, кедендік рәсімдеуге бір терезе қағидатын енгізу, ұлттық қордың қаржысын тиімді жұмсау бағытында жұмыстар атқарылмақ. Әрине, бұл бастамалар экономикаға тың серпін береді деп сенеміз. Ал экономикасы дамыған елдің болашағы жарқын болмақ.
Президенттің биылғы Жолдауы білім беру саласына арнайы тапсырмалар бергені қуантады.
Әділетті Қазақстанды, жаңа Қазақстанды құруға мұғалімдер де атсалысуы қажет. Сондықтан, жас ұрпақтың білім алуы үшін барлық жағдай жасала бермек. Елдің іргесін ұстайтын, көк туымызды желбірететін, ұлтын сүйетін шәкірттеріміз көп болсын!

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x