Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Байқауға ауданның 19 мектебінен 43 оқушы қатысты. 24 оқушы жүлдегер атанды. Жеңімпаз атанған Мамлют қазақ мектеп-интернатының 2 оқушысы 14 қазан күні облыста бақтарын сынап, 8-сынып оқушысы Әділқызы Сандуғаш – 2 дәрежелі диплом иеленді, 6-сынып оқушысы Оразбек Назерке сертификатпен марапатталды. Жетекшілеріне шығармашылық табыс, оқушыларымыз әрдайым биіктерден көрінсін! Құттықтаймыз