Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында 2023 жылғы 5 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктанты мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары жазды. Диктанттың тақырыбы – «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» деп аталады.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Нәтижесі:- Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға ықпал ету;
– мемлекеттік тілді меңгеру ұлтты ұйыстыру жолындағы айрықша маңызды қадам екенін жастардың санасында орнықтыру;
– мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру;
– мемлекеттік тілді меңгеру арқылы жастарға қазақстандық қоғамда өз орнын табу мүмкіндігін көрсету;
– жалпы сауаттылықты арттыруға атсалысу.