Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу; бала тәрбиесіндегі ата — ананың көзқарасын кеңейту; ұстаз — оқушы — ата — ана өзара қарым — қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
