Мектебімізде төтенше жағдайлар кезінде білім ошағынан адамдарды эвакуациялауды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.


Мектептің алғашқы әскери технологиялық даярлық ұйымдастырушысы А.Д. Менжасаровтың айтуынша, мектеп ұжымына, оқушыларға алдын-ала оқу-жаттығу өткізілетіні туралы ескертіліп қойған.
Жаттығу басталар алдында оқушыларға «төтенше жағдай» дегеннің мағынасын түсіндіріп, оған адам баласы қандай дайындық жасау керек екенін айтып берді. Сонымен қатар, төтенше жағдай болған кезде (өртте, жер сілкінісінде, су тасуда, т.б.) қандай іс-әрекет жасау керек екені жөнінде дәріс берілді. Жаттығу кезінде мектептегі оқушылар және де мұғалімдер дабылға сәйкес, дер кезінде шығып үлгеруі, қауіпті жағдайда өздерін ұстай білу машығын қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды. Ғимараттағы барлық есіктер ашылып, сыныптарында отырған оқушылар мен мұғалімдер сыртқа шығарылып, мектеп ауласында сапқа тұрғызылды.
Алғашқы әскери технологиялық даярлық ұйымдастырушысы мектеп ішінде бірде-бір адамның қалып қоймағанын тексеру үшін мұғалімдер мен оқушыларды түгендеді.
«Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, осындай қиын сәттерге кез-келген адам дайын болу қажеттілігі жөнінде дәріс оқылды.

Мектеп эвакуация жаттығуына келесі құрам қатыстырылды

Мектеп құрамысаны
Мектеп басшылары3
Педагогикалық құрам25
Оқушылар75
Мектеп интернатының қызметкерлері4
Жұмысшылар20
Барлығы127 адам
0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x